"Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде анықталға

Oinet.kz 14-06-2024 682

«Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтар.

 Screenshot_11.jpg

Аудиторлық іс шара барысында анықталғаны: 2021 жылы «Карэлектроспецстрой» ЖШС-і Түркістан облысы, Түркістан облысы, Түркістан қаласында 110 кВ желісі бар 110/35/10 кВ «Солтүстік» ҚС салу құрылысы жұмыстары бойынша желтоқсан айында 479840,0 мың теңгеге, желтоқсан айында 20158,0 мың теңгеге, барлығы 499998,0 мың теңгеге ф-№3 анықтама  актісін толтырып тапсырма ұсынушы қабылдап қол қойып мөр басқан. Аталған ф-№3 актілерге «Хан-Строй Монтаж» ЖШС-і техникалық қадағалаушы ретінде қол қойып мөр басқан. Ал орындалған жұмыс көлемдері туралы ф-№2 актілері толтырылмаған. Мекеме тарапынан 09.12.2021жылғы № 76/2021 келісім шарт негізінде «Карэлектроспецстрой» ЖШС-не барлығы алдын ала аванс 143952,0 мың теңге  және 356046,0 мың теңге аударып берілген. Ал орындалған жұмыс көлемдері туралы ф-№2 актілері жасалынбаған. Құрылыс нысаны бойынша құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілмей, тек ф-№3 актілермен 356046,0 мың теңге қаржысы аударылған. Осы ф№3 актілеріне тапсырыс беруші, мердігер және  техникалық қадағалаушының қолдары қойылып мөрлері басылған.  

Н.Копбосынов,

Бас маман мемлекеттік аудитор

Арыста қаржылық бұзушылықтар анықталды
Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінде анықталған бұзушылықтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу