Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінде анықталған бұзушылықтар
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінде анықталған бұзушылықтар.
Аудиторлық іс шара барысында 22181,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: «А» және «Б» блоктарында подвалдың қабырғалары темір бетоннан толық құйылмаған. Сондай-ақ, подвалға кіретін входтарға фундамент құйылмаған. Осы атқарылмаған жұмыс көлемдері орындалған жұмыс туралы ф№ 2 актісіне толтырылып, тапсырыс беруші тарапынан қабылдап алынған.
Н.Копбосынов,
Бас маман мемлекеттік аудитор