Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталды

Oinet.kz 14-06-2024 677

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 23.06.2022 жылғы №-17/1891 санды хаты арқылы келген Кентау қаласының тұрғындары Т.Избаев,М.Тутанов, К.Чалов және Ш.Нурушевтардың арыздары негізінде, Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуеметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Т.Избаев, М.Тутанов, К.Чалов және Ш.Нурушевтарға ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуіне бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына аударылған төлемдердің заңдылығына аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 1230,3 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды  анықталды. 

Screenshot_10.jpg

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26  Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы бұйрығының 3 тармағаның 26, 41 тармақшаларын басшылыққа алмаған. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет кодексінің 97 бабының 6-тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығының 215-тармағының 6-тармақшасының, мемлекеттік мекеме жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді деген талабы сақталмай 1230,3 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

А.Киикбаев,

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы

Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталды
Арыста қаржылық бұзушылықтар анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу