Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталды
Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі–Департамент) тарапынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің 31.03.2022 жылғы №17/11-ЖТ-К-172 санды хаты арқылы келген Төлеби ауданы, Зағамбар ауылының тұрғыны Е.Ж.Қадырбековтың 31.03.2022 жылғы арызы негізінде, «Төлеби ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман-есепшісі Б.Куандыковқа 01.01.2022 – 31.03.2022 жыл аралығындағы айлық жалақыға аударылған төлемдердің заңдылығына аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 8051,5 мың теңге негізсіз артық айлық жалақы аударылғандығы анықталды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет кодексінің 97 бап, 6-тармағының Мемлекеттік мекеме: төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін; төлеуге берілетін шоттың көрсетілген деректемелерінің дұрыстығын; ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын; жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын; бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне осы баптың 5-тармағында көрсетілген, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды табыс етуін қамтамасыз етеді деген талабы және 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 – V бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 79 бабының 1 тармағына (Жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті) сондай-ақ,103 бабының 1 тармағына (Жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді)-деп көрсетілген, осы тармақты басшылыққа алмау салдарынан туындап отыр.
А.Киикбаев,
Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы