Қошқарбаевтың арызы бойынша жүргізілген аудит нәтижесі
Б.К.Қошқарбаевтың 19.09.2023 №ЖТ-2023-01814139 арызы негізінде Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне арызда көрсетілген мәселелер бойынша жүргізілген аудит нәтижесі.
Б.К.Қошқарбаевтың 19.09.2023 №ЖТ-2023-01814139 арызы негізінде Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне арызда көрсетілген 2022-2023 жылдар аралығындағы тікелей бір көзден жасалынған келісім-шарттардың жасалу негізділігі және орындалуын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуына 27.10.2023 жылғы №87 «Аудиторлық есеп» түзілген. Аудиторлық іс-шара нәтижесімен мемлекеттік аудит объектісінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормалары талаптарын сақталуы бойынша жалпы 388 807,0 мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде рәсімдік бұзушылықтар 381 181,6 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар 7 625,4 мың теңге.
Анықталған рәсімдік бұзушылықтар бойынша Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 41 бабының 1 талабын сақталмай жасалынған келісім-шарттар бойынша бұзушылыққа жол берген жауапты тұлға мекеме басшысы қызметін 28.09.2020 жылдан 05.10.2023 жылдар аралығында атқарған Шагирбаев Ербол Нагашбаевич қатысты, арызда көрсетілген 2022-2023 жылдар аралығындағы тікелей бір көзден жасалынған келісім-шарттардың жасалу негізділігі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 207 бабының 11-тармақшасына (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып әкімшілік құқық бұзушылық туралы 10 хаттама толтырылды.
Қаржылық бұзушылықтар бойынша:
- 2022 жылы «Техноинжиниринг-М» ЖШС-на «Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласындағы Қожанов көшесіндегі ескі ағаш тіректер мен электр желілерін ауыстыру» жұмыстарынан 2 488,9 мың теңге;
- 2022 жылы «Эл.монтаж-сервис» ЖШС-на «Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласындағы Ұзын ата тұйығының ескі ағаш тіректер мен электр желілерін ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеу» жұмыстарынан 1048,6 мың теңге;
- 2023 жылы «Техноинжиниринг-М» ЖШС-на «Түркістан облысы,Шардара ауданы,Шардара қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің электр желілерін ағымдағы жөндеу» жұмыстарынан 1667,6 мың теңге;
- 2023 жылы «Шардара сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынына «Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы № 4 шағын ауданындағы ауыз су желісін және Қ.Тұрысбеков а/о Шардара ауылындағы бас су торабындағы су мұнарасын ауыстыру» жұмыстарынан 2000,7 мың теңге;
- 2023 жылы «Nur-EL 2050 Group» ЖШС-на «Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы және а/о көшелерінің қиыршық тас жабындарын ағымдағы жөндеу (тас төсеу)» жұмыстарынан 419,6 мың теңге көлемдеріндегі орындалмаған жұмыстарына алған қаржысы ҚР - ның «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 17-баптың 1 тармағының 4 тармақшасының, 34-1, 34-2,34-3 баптарының, ҚР-ның 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет кодексінің 97 баптың, 6-тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығының 215-тармағының 6-тармақшасының, мемлекеттік мекеме жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді деген талабы сақталмаған.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 12.11.2015 жылғы ҚР-ның № 392-V Заңының 5-бабының 1 тармағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығарады делінген.
Осыған сәйкес Департамен тарапынан Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
1. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар бойынша
жүргізілген мемлекеттік сатып алу тәсіліне сәйкес тікелей шарт жасасу арқылы бір дереккөзден сатып алу бойынша бұзушылықтарды жоюға ықпал ететін қажетті шараларды қабылдауды.
2. Жағарыда аталған нысандар бойынша 7 625,4 мың теңге сомасындағы орындалмаған жұмыстарды (жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар құрылыс нысанына жеткізілу) орындауды қамтамасыз етуді;
3. Анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды.
4. Нұсқаманың орындалуы туралы 2023 жылғы «08» желтоқсанынан қоса алғанға дейінгі мерзімде растайтын құжаттарды (бұйрықтардың көшірмелері және т.б.) қоса бере отырып, хабарлау ұсынылған.
Мекеме тарапынан 06.12.2023 жылғы № 229-13/02-05/517 шығыс хатымен анықталған бұзушылықтар толығымен орындалып, тиісті жауапты маманға тәртіптік жауапкершілікке қаралғандығы, кемшіліктер толығымен қалпына келтірілді.
Н.Копбосынов,
Бас маман мемлекеттік аудитор