Қаржылық есептілік аудитінің нәтижесі
Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығына дәлелді негіздемелерді алуына аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Аудиторлық іс-шараның іс-шараның қорытындысымен 1 272 817,3 мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде бюджетке аударуға жататыны 4 237,9 мың теңге (аудит барысында аударылды), есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруге жататыны 1 259 771,9 (аудит барысында 1 247 800,9 мың теңге қалпына келтірілді). Қалпына келтіруге жататын рәсімдік сипиттағы бұзушылықтар 8 807,5 мың теңге сомасында анықталды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының 12.11.2015 жылғы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шаралары қолданылды. Атап айтқанда:
1) «Анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамасы» жолданып, нәижесінде тиісті қызметкерге «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы берілді.
2) Қаржылық бұзушылықтарға жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 238 бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
А.Айменов,
Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы