Сайрамдықтар Сәкен Бибосыновқа қолдау көрсетуде

Oinet.kz 26-07-2021 899

4 жылда бір болатын Олимпиада - мемлекеттік спорттық әлеуетін көрсетеді. Спорттық әлеуетті көрсете отырып, халықаралық аренада ел имиджінің артуына үлесін қосады. Бұл өз кезегінде елдің туризмінің дамуына да себепкер болады. Сондықтан да Олимпиадаға ел намысын қорғауға кеткен спортшыларға қолдау көрсету аса маңызды.

Screenshot_5.jpg

Токио олимпиадасының алғашқы аптасында Түркістан облысы Сайрам ауданының атынан шыққан боксшы Сәкен Бибосынов ел тұрғындарының үмітін ақтап, бірінші қарсыласынан басым түсті. 

52 келіде сынға түскен Сәкен бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездескен болатын. Бұл кездесуді бүкіл ел жанкүйерлері тақымын қыса тамашалады. 

Бокстан Қазақстан құрамасына ел үлкен үміт артатыны белгілі. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы да былғары қолғап шебері, жас спортшының кездесуін тікелей көрсетілімнен тамашалап, ұтымды сәттеріне куә болды, тартысты жекпе-жектің әр сәтін үзбей бақылады.

Қазақстандық боксшысы 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Жерлестері келесі кезеңдерде де Сәкенге сәттілік тілейді.  

Әлеуметтік желілерде аудан халқы Сәкен Бибосыновқа асығы алшысынан түсуді тілеп, ақ тілектерін жаудырды.

Аудан әкімі Instagram желісінде парақша ашты
Сайрам халқы сайлауда белсенділік танытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу