Сайрам халқы сайлауда белсенділік танытты

Oinet.kz 26-07-2021 782

Сайлау - демократиялық таңдау. Сайлау арқылы халық өздері қалаған кандидатты жауапты орыннан көре алады. Халық сеніміне ие болып қызметке тұрған адам өзін сайлаған жұрты үшін аянбай еңбек етері белгілі. Сондықтан да әкім секілді лауаымды қызмкетке сайлау арқылы жауапкершілік артылғаны тиімді. Осыған орай елімізде ауыл әкімдерін сайлау арқылы таңдау әдісі енгізілді. Жексенбі күні ауыл тұрғындары өз әкімдерін сайлады. 

Screenshot_6.jpg

Бұл додада Сайрам ауданының халқы қалыс қалмады. Олар сайлауда белсенділік танытып, өңірде алдаңғы орындардан көрінді. Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 70 %-ы дауыс берген. Олардың жалпы саны– 185 264 адам.

Атап айтқанда,  Арыс қаласында  – 7 876 (75%), Кентау қаласында – 6 540 (77%), Бәйдібек ауданында  – 2 673 (68%), Жетісай ауданында – 19 177 (71%), Қазығұрт ауданында – 12 575 (63%), Келес ауданында – 21 475 (70%), Мақтаарал ауданында – 11 404 (68%), Ордабасы ауданында – 5 504 (74%), Отырар ауданында – 9 301 (72%), Сайрам ауданында – 12 056 (74%), Сарыағаш ауданында – 37 284 – (69%), Сауран ауданында – 6 751 (83%), Созақ ауданында – 12 555 (72%), Төлеби ауданында – 13 423 (60%), Түлкібас ауданында – 5 740 (66%), Шардара ауданында – 930 (73%) сайлаушы дауыс берді.

Тұрғындарының 74 пайызы дауыс берген Сайрам ауданында бүгінде халық өте белсенді. Олар қоғамдық-саяси іс-шараларға жиі қатысып, өңірдегі стратегиялық шешімдер қабылдауда өз пікірлерін білдіріп жүр. Халқы белсенді елдің болашағы жарқын екені баршаға белгілі.

Сайрамдықтар Сәкен Бибосыновқа қолдау көрсетуде
Көшелер орташа жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу