Аудан әкімі Instagram желісінде парақша ашты

Oinet.kz 26-07-2021 1570

Бүгінде әкімдік халықпен бірлесе жұмыс істеу керек. Шенеуніктер халық үніне құлақ асып, сын-ескертпелерінен нәтиже шығарғаны абзал. Халық сын-ескертпе, ұсыныс, шағымды әкімге, жауапты мамандарға онлайн қоя алады. Бұрынғыдай кабинетіне арнайы барып уақыт жоғалтпайды. Сондықтан да әрбір әкімдік тұрғындарға онлайн тұрғыда өтініштерін айтуға мүмкіндік бергені жөн. Тұрғындармен тікелей диалогқа шықса ғана мәселе оң шешімін табады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық кеңес мүшелері «Ашық әкімдік» тәжірибесін кеңінен таратуды ұсынды. Бізге басқарушылық мәдениеттің жаңа стандарттарына көшу керек. «Ашық әкімдік» жергілікті билік органдары мен халық арасындағы байланысты жақындастыруға мүмкіндік береді», деп айтқан болатын. 

Screenshot_4.jpg

Осыған орай Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков әлеуметтік желіде Instagram парақшасын ашты. Жастар көп шоғырланған бұл платформада аудан тұрғындары өзекті сауалдарды әкімге жолдай алады. Әкімдік сауалдарға уақтылы жауап береді. Аудан әкімі жеке парақшасында халықты бірлікке шақырып жазба қалдырды.

"Еңбекқор, ынтымақты халқы бар киелі өңірдің әр күнін жақсы жаңалықтармен айшықтау бәрімізге ортақ іс. 

Аудандағы 11 ауылдық округтерге қарасты 42 елдімекендегі жүйелі жұмыстар мен түрлі олқылықтар, тындырымды тірліктер мен күрмеуі шешілуі тиіс мәселелер - барлығының оңды шешімін шығаруға әкімдік пен тұрғындар, барлық саланың мамандары, Үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым мен жастар біріге атсалысуы керек. 

Келісіп пішкен тон ешуақытта келте болмасы анық. 

Сондықтан, әлеуметтік желі парақшамызға жазылып, ауданымыздың дамып, өркендеуіне негіз болар ұсыныс, пікірлеріңізді білдіріп, сауал қойсаңыздар болады" - деп жазды.

Сайрамда қоныс той көбейді
Сайрамдықтар Сәкен Бибосыновқа қолдау көрсетуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу