Сайрамда қоныс той көбейді

Oinet.kz 27-07-2021 1025

Әрбір адам баспаналы болуды армандайды. Себебі басында баспанасы бар адам қаржының басын құрап, ойында жүрген жобаларды жүзеге асыра алады. Тапқан табысы өзіне қалады. Әйтпесе тапқан табысының көп мөлшерін пәтерақыға төлеп, отбасымен пәтерге-пәтерге көшіп жүру адамды әбіржітетіні белгілі. Мұндай қиындыққа тап болмас үшін әрбір адам баспанаға қол жеткізуді ойлағаны абзал. Дегенмен баспана алуға мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты жағдайы жетпейтін азаматтар да бар. Мұндай азаматтарға мемлекет өз тарапынан қолдау көрсетеді.

Screenshot_3.jpg

Сайрам ауданының  даму бағдарламасына сәйкес, биыл 58 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, жыл басынан бері 42,6 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне тапсырылған. 

Бүгінгі таңда Сайрам аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 2 425 азамат тіркелген. Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында 2020 жылы Ақсу ауылы, Интернациональная көшесінде орналасқан тұрғын үй (көлемі 592,4 ш.м.) ғимаратына аудандық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар баспанамен қамтылған.

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында былтыр тұрғын үйге мұқтаж 5 отбасыға ипотекалық тұрғын үйді сатып алу үшін бастапқы жарнасын төлеуге 5 млн теңге сертификат түрінде берілген. Одан бөлек, баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға республикалық бюджет есебінен 249 млн теңгеге 31 коммуналдық  тұрғын үй сатып  алынған. 

Көпшілікке карантин талаптары түсіндірілуде
Аудан әкімі Instagram желісінде парақша ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу