Димаш Құдайберген: «Біз әке мен бала сияқтымыз»

Oinet.kz 10-09-2019 1395

Димаш «Игорь Крутой Димаштың танымалдылығын пайдаланып жүр» деген блогерге жауап берді.

Өзінің бала кезден орыс сазгерлерімен жұмыс жасағысы келгенін айтқан әнші бұл серіктестігін керемет сәттілік деп біледі.

«Бастауыш сынып оқушысы және жасөспірім кезімнен Игорь Яковлевичпен жұмыс жасағым келетін. Қытайдағы өнер көрсетуімнен кейін көптеген сазгерлер мен продюсерлерден ұсыныс түсіп жатты. Бірақ мен кейінге қалдырып жүрдім», - дейді әнші.

Кейіннен Игорь Крутоймен танысқан Димаш онымен тез тіл табысып кеткенін айтады.

«Қазір біздің ара-қатынасымыз сазгер мен әншінің арасындағыдай емес, әкесі мен баласының қатынасы сияқты. Мен оған барлық сырымды айтып бөлісе аламын» - деген танымал әнші «Новая Волна» фестивалінде ән айтып қана қоймай, осы күзде Крутойдың Нью-Йоркта, Мәскеуде, Минскіде және Дюссельдорфта өтетін мерейтойлық концерттерінде де өнер көрсететін болады.  Сонымен қатар 3 қарашада «ВТБ-Аренада» Лара Фабианмен дуэтте өнер көрсетпек.

Нұрғали Нүсіпжанов пен жас келіншегі ойламаған жерден концерт берді
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 29 жасқа дейінгі Қазақстандықтарға пәтерлер берілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу