Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 29 жасқа дейінгі Қазақстандықтарға пәтерлер берілмек

Oinet.kz 10-09-2019 1464

HgTuBba2FuxaRqInUyAnXPmOsO1epFD9kK2w.jpg

Қазақстанда іскер жастарға өтеуін төлеп алу құқығынсыз жалдамалы пәтерлер беру туралы ереже ұсынылды. Енді 29 жасқа дейінгі қазақстандықтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пәтерлерде тұра алады. Пәтер 16 желтоқсаннан бастап беріле бастайды. 

40 шаршы метрге дейінгі көлемдегі пәтерлердің ай сайынғы төлемі 10-12 мың теңгені құрайтын болады. Мұндай пәтерлердің кілттері 2019 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 5 жылға жалға беріле бастайды.

Өтінішкер пәтерге ие болуы үшін бірқатар ережелері бар: ол айына 40 АЕК көлемінде, яғни 101 мың теңге табысы болуы керек. Сонымен қатар ол білімі жоғары, жұмысы бар және үш қаланың бірінде 2 жылға жуық уақыт тұрған болуы тиіс. 

Үміткерлер пәтерге балл жинау арқылы ие болмақ. Мысалы, мамандығы болуына +10 балл, отбасы болуына +5 балл, баласы болуына +1 балл, өз жеке кәсібіне +5 балл.

Жалға берілуге Нұр-Сұлтан қаласында – 1050 пәтер, Алматы қаласында – 1050, Шымкент қаласында 904 пәтер жоспарланып отыр.

Қандай құжаттар қажет?

Пәтер алуға өтініш, куәлік көшірмесі, білімі туралы құжаттар, егер бар болған жағдайда неке қию туралы куәлік, баласы болған жағдайда баласының туу туралы куәлігі, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің атында мүлік жоқтығы туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама, соңғы 6 табысының 40 АЕК-нен кем еместігін растайтын соңғы 6 ай мерзіміндегі  табысы туралы анықтама, еңбек өтілі туралы анықтама, банктік шотының болуы және шотының нөмірі туралы анықтама, сонымен қатар жеткен жетістіктері туралы құжаттары (болған жағдайда).

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласып біле аласыздар:

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық даму басқармасы: 8-(7172)-55-66-92

Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы: 8-(7272)-62-27-08

Шымкент қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі  басқармасы: 8-(7252)-24-74-37

Димаш Құдайберген: «Біз әке мен бала сияқтымыз»
Роза Рымбаева сахнадан кететінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу