Алматыда 6 миллиард теңгеден астам залал келтірген қаржы пирамидасына қатысы бар 15 адам сотталды
Алматыда QI Trade Kazakhstan (Qarat Invest) қаржылық пирамидасының ісі бойынша 6 миллиард теңгеден астам залал келтірген 15 адам сотталды, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасы.
Істі Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі тергеген.
Ақпаратқа сүйенсек, олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген.
"AMAZON" (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған. Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген. Соның салдарынан компаниямен 6 млрд теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірілген. Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды. Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды", – деп қосты прокуратура өкілдері.
Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға, күмәнді ұйымдарға ақша салудан бас тартуға шақырады.