Келесі Президент кім болуы мүмкін?
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің алдына бірқатар міндеттер қоя отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды. Сонымен қатар жастар саясатына да тоқталған ел Президенті жастарға бизнеспен айналысуға мүмкіндік туғызып, қабілетті және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға білім гранттарын бөлінетінін айтты.
«Талантты балаларды іздеп, жас басқарушылардың кадрлық резервін құрып жатырмыз. Кейін мемлекетті басқару тізгінін соларға өткіземіз», - деді Мемлекет басшысы.
"Менің тапсырмам бойынша, президенттің кадрлық резерві құрылып, оған 300 жас маман енгізіледі. Әкімдердің міндеті – резервке ең дарынды және келешегінен үміт күттіретін жас басқарушыларды іріктеу", – деп қоса атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.