Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жердің шетелдіктерге сатылуы және Қазақстанда салынатын 55 қытай зауыты туралы елде орын алып жатқан түсініспеушіліктер туралы түсіндіріп өтті.
Соңғы кездері жердің шетелдіктерге сатылатыны немесе 55 шетел мемлекеттерінің зауыттары салынатыны және мыңдаған шетел жұмысшылары тартылатыны туралы ақпараттар тарап жатыр. Біздің халық мұндай жалған сөздерге сенбеуі керек, мұндай қауесетті халық арасына іріткі салу үшін арандатушылар таратады. Олар халықты пайдаланып өз мақсаттарына жетуді көздейді» - деді Президент өз сөзінде.
Мұндай арандатушылықтар геосаясаттың бір бөлігі екендігін, ел арасындағы бірлікті әлсіретіп, Қазақстанның жағдайының тұрақтылығын бұзу мақсатында орын алатындығын ескертіп өтті.
«Жердің ешкімге берілмейтінін және әрдайым халыққа құлақ асатынымызды тағы бір атап өткім келеді», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.