«Еліктеу және фанатизм»: Тәжікстан президенті қажылыққа баратындарды сынады

Oinet.kz 10-05-2023 641

Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон өзінің Хатлон облысына сапары кезінде қажыларды сынға алып, умра мен қажылықты орындауды «еліктеу және фанатизм» деп атады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Islamnews.ru ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Басшының айтуынша, соңғы кездері қажылыққа бару отбасылық бәсекеге, жарысқа айналған.

Соңғы кездері қажылық, оның ішінде кіші қажылық еліміздің кей аймақтарындағы тұрғындардың арасында міндетті іс-шараға, тіпті отбасылық жарысқа, туризм мен сауданың бір түріне айналған, деді Эмомали Рахмон.

Тәжікстан басшысы мемлекетіндегі әлеуметтік көрсеткіштерге иек артып, қажылыққа баратындардың бір ауық тұрмыс-тіршілігін де еске алып қоюға шақырды. Президенттің пікірінше, қажылыққа барардан бұрын халқы жесір мен жетімге жар болып, бар қаржысын бала тәрбиесі мен біліміне шашқан дұрыс.

Көрсеткіштерге сүйенсек, қажылыққа баратын, тіпті өзімен бірге сәбилер мен жасөспірімдерді де ала кететін адамдар қажылықтың рәсімі неден құралатынын, отбасыларының, балаларының, туыстарының тұрмыс-тіршілігі қандай екендігі туралы ойланбайды.

Қажылыққа барардан бұрын жерлестеріміз осы мәселелер мен қазіргі заманның ахуалы жайлы аздап ой қозғап, маңдай термен тапқан ақшасын баланың тәрбиесі мен оқуына жұмсап, өмірдегі қажеттіліктерді қанағаттандырып, жетімдерге, мүгедектерге, мұқтаждарға, кедейлерге көмектесіп қана қажылыққа бару керек екенін тағы бір мәрте атап өтемін.

Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстанның «Азаттығы» 2017 жылы Эмомали Рахмонның әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманы тізіміне кіргені жайлы жазған еді. Тәжікстан тұрғындарының шамамен 99 пайызын мұсылмандар құрайды.

Нұржігітов Президенттің тапсырмасын бірінші болып орындады
Тоқаев таққа отырғызу рәсіміне неге Қошановты жіберді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу