Тасмағамбетов президент қызметінен кетті

Oinet.kz 13-04-2023 806

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті қызметінен кетті. Оның орнына кәсіпкер Берік Қаниев келді. Берік Қаниев – қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің  иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің қызметкері.

Screenshot_4.jpg

«Lancaster Group» акционерлік қоғамының акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. «Forbes Kazakhstan» басылымының тұжырымы бойынша ол Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері тізімінде 2019 жылы 19 орынды, 2020 жылы 46 орынды алған. Берік Қаниев сондай-ақ, «Арлан» футбол клубының құрылтайшысы және төрағасы, республикалық «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер футбол лигасының президенті, Маңғыстау облысының гольф федерациясының құрылтайшысы, «YPO Kazakhstan» мүшесі, «ІQanat» білім беру жобасының, AіrVіsіon.kz қоғамдық қорының, «Аналар үйі» қайырымдылық жобасының бастамашысы, Quantum STEM School қазақстандық жаңа мектеп брендінің негізін қалаушылардың бірі, республикалық физика-математика мектебі директорлар кеңесінің төрағасы.  

Ашық дереккөздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның гольф федерациясы 1992 жылы құрылған. Бірақ ол заңды тұлға ретінде 2018 жылы тіркелген көрінеді. Алғашқыда федерацияның құрылтайшылары 11 адамнан тұрған. Олардың ішінде Нұртай Әбіқаев, Иманғали Тасмағамбетов, Әсет Исекешев, Ахметжан Есімов, Бауыржан Байбек, Тимур Құлыбаев, Владимир Школьник, Икрам Адырбеков, атышулы миллиардер Алиджан Ибрагимовтың ұлы Даврон Ибрагимов және Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев болған. Кейін бұл тізімнен Бауыржан Байбек пен Әсет Исекешев шығып кеткен.  

Иманғали Тасмағамбетов федерацияның басшылығына былтыр мамырда сайланған. Оған дейін бұл қызметті Нұртай Әбіқаев атқарған. 

«Ұлдарымды кінәлі деп есептемеймін» - Жигули Дайрабаев
Саакашвили өлім аузында жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу