Саакашвили өлім аузында жатыр

Oinet.kz 13-04-2023 680

Polіtіco басылымы Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің өлім аузында жатқанын мәлім етті.   Денсаулығы нашарлап, хәл үстінде жатқан ол халықаралық ұйымдардан көмек сұрап отыр.

Screenshot_5.jpg

«Түрмеде денсаулығым әбден нашарлап бітті. Өлім аузында жатырмын. Маған психологиялық, физикалық қысымдар жасалып жатыр. АҚШ-тың қоғамдық ұйымдарынан өміріме араша түсуін сұраймын. Көмек бермесеңіздер, жақында өліп қалуым мүмкін», – деді ол.

Ал халық елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді абақтыдан босатуды талап етіп жатыр. Шеруді ұйымдастырғандар саяси тұтқындалған азаматтарға еркіндік сұрады. Ауқымды наразылық шарасы ел астанасы Тбилисиде өткен. Оппозиция өкілдері Грузияның Мәскеумен жасалған тығыз қарым-қатынасын айыптап, бұл ел егемендігіне, мүддесіне қайшы келетінін айтуда. Наразылық акцияға, 2014-2018 жылдар аралығында елді басқарған, мемлекеттің бұрынғы президенті Георгий Маргвелашвили де қатысты.  

Тасмағамбетов президент қызметінен кетті
Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу