«Неге халықты дүрліктіріп, жағдайды ушықтырады!?» - Қарақат Әбілдина

Oinet.kz 30-08-2021 4588

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина сабақтың офлайн өтетініне қуанғанымен, кей адамдардың коронавирус туралы негізсіз әңгімелері шошытатындығын жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Қарақат Әбілдина.jpg

- Білім күнінің бастaлуына екі - ақ күн қалды. Оқудың офлайн болатынына шын қуандық.Онлайн бізге жақпады. Балаларымның білім деңгейінің түсіп кеткені соншалық,білгендерін ұмытуға шақ қалды. Ол рас. Келісімен ұлдарды жанталасып @zerdeli.kz орталығына қосымшаға бердік.Аз уақыттың ішінде зейіндері ашылып , білімге бет бұрды. Бұйырса жалғастыра береміз. Міне енді мектеп басталады.Былайша дайынбыз деп айтқанмен жасырмаймын, "қалай болар екен?" - деген алаңдаушылық бар.

Оның үстіне ватсабтан белгісіз бір ананың "балаларыңызды мектепке жібермеңіздер! Вакцина салғаннан кейін _________ Алла сақтасын ол кісінің айтқанын тіпті жазуға қолым бармай отыр. Өте қорқынышты аудио тарап кеткен. Соңына дейін тыңдай алмадым. Кім жазған? Мақсаты не? Сөздері өте жаман енді. Негізсіз әңгімемен неге халықты дүрліктіріп, жағдайды ушықтырады?! Елдегі жағдай болса мынау! Ауырып жатқандар саны азаймай тұр. Бұл өзі не әңгіме сонда? Түк түсінсем бұйырмасын. Жан-жақтан,ұстаздардан,басқадан сұрастырған болып-ем, ешкім ештеме білмейді. Түсініксіз күйде мектепке бара береміз бе сонда?! Сұрақ көп, жауап жоқ… Осы жайлы сіз не ойлайсыз оқырман? - деп жазды әнші.

Әншінің қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырған жазбасына желі қолданущылары түрліше пікірлерін қалдыруда.

- "Бір Алла жар болсын деп отырмыз. Баста шын қуанып едік, қазір көңіліміз алаңдаулы. Кімге сенерімізді де білмейміз , ұстаздарға кінә жоқ, келсе жоғары жақтан бірдеңе келейін деп тұр ғой. Алла жар болсын!", "Ал мен сенбеймін мектепке ешқашан ата анаға ескертпей ешқандай екпе салмаған, салмайды да деп ойлаймын, тек без берекесіз өтірік аудио видео таратуды біледі біздің халық, мысалы мен ондайды шынымен врач ученный таныс адамнан келмесе ондай нәрсе тартпаймын, ең иммунитет түсертін нәрсе ол қорқыныш", "Менің де ойым алай дүлей, неге тура оқу жылы басталғанда детск.койкалар дайындатып жатыр. Неге жазда олай болмады, балалар парк,ойын сауық кешендерінде топтасып жүрді 1040бала жүрді,көршілермен ойнады Аллаға шүкір бірақ ондай жағдай болмады. Тура сабақ басталар кезде неге ауру пайда бола қалады. Сұрақ көп, жауап жоқ. Үкіметтен сенейік десек үміттен гөрі,күдік басымдау болып тұр. Не істейміз оқуға жібересізба, жібермейміз бе деген сурақты күніге өзіме сан бес рет қоямын. Бірақ жауап тағы жоқ", "Бәрімізде тыңдап қорқып қалдық, бірақ бұл бос арандату сияқты, ата анаға ескертпей вакцина салмайдығой, ұстаздардың балалары бар емеспе? Аллаға сыйынып неде болса барамыз мектепке, қорқынышты болып кетті ғой? Санамыздан кетер емес! Бірақ жақсы күнде алыс емес, адамның емес, Алланың дегені болады, бұл жұмбақтыңда шешілер уақыты таяп қалды, нанбасаңыздар қарап тұрыңыздар, 2022жыл өте керемет жыл болады!", "Ия, менде қазiр тыңдап, ойланып, ұйқым қашты", "Соны білмей дал болдық өте қорқынышты барімізге бір Алла жар болсын, Алладан ғана көмек болсын" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

«Бес балаң қалды ғой артыңда!» - әнші жарылыстан досынан айырылғанын жазды (фото)
«Билік тағы бір өтірік әңгімені табады» - белгілі әзілкеш билікті сынады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу