«Билік тағы бір өтірік әңгімені табады» - белгілі әзілкеш билікті сынады (видео)

Oinet.kz 30-08-2021 1790

Белгілі әзілкеш әрі блогер Елдос Қадырханов Жамбылдағы жарылыстың алдын алу үшін ешбір әрекет жасамаған билікке ренішін білдірді. Оның видеосы zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды.

Елдос Калабок.jpg

- Жыным ұстап тұрғаны былтыр Арыста болған қайғылы оқиға билікке сонда сабақ болмағаны ғой. Қалай тупить етті, солай тупить етіп жүре бергені боп тұр ғой. Біздің Қазақстан 9-шы орын әлемде. Пустой жатқан жер көп. Онсызда жерді халыққа сатып жатыр. 6 соттық жердің өзін пәленбай миллионға сатып жатыр. Арғы жақта пустой жер бар. Ақыры жарылатын снаряд екен, ақыры жарылатын оқ екен, ақыры жарылатын снаряд екен, неужели ауылдардың арасына емес ми далаға апарып қоюға болмайма? Ақыр соңында зардап шегіп жатқан халық, жылап жатқан халық. Енді үйге қол жеткізіп жатқанда қайтадан үйінен айырылып жатқан халық. Ертең тағы бірдеңені табады. Өтірік бір әңгімені айтады. Терезе ашылып кетті дә, күн ысып кетіп, от жанып кетіп жарылды деп фантастический нәрсені табады - деді Елдос. 

Әзілкештің бұл сөзін желі қолданшушылары да қостай кетті.

- "Иә жазық дала жетеді ғой ,бірақ соны ойлаған билік жоқ ,қара халық аман болайық! Бір бірімізге көмегімізді аямайық халқым, аман болайық", "ұл нәрсені әдейілеп жасап отырған хайуан жандар бар ғой. Халық мемлекет басшысыларына сенуден қалды ғой,халықты ойлаған адам барма. Сол баяғы жартас, сол жартас! Қайда барып тоқтар екеміз". "Тоқ бала аш баламен ойнамайды, деген осы. Халықты ойлайтын билік болса", "Ұрлықы істерін жасыру үшін қолдан жасап отыр, сорлап халық қалды, әкесінен айырылған қанша бала қалды", "Қытайға жерді сатқанша оқ дәріні неге айдалаға сақтамайды", "Жоғарыдағы биліктің өтіріктері таусылмайды" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's

«Неге халықты дүрліктіріп, жағдайды ушықтырады!?» - Қарақат Әбілдина
Қайрат Әділгерейдің отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу