Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
21-06-2023
Жамбыл облысында бұрынғы өрт сөндіруші президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап отыр. Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінде лауазымды қызмет атқарған Мансұр Шайкрамов Басзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылыстан көз жұмған әріптестерінің өліміне кінәлі деп айыпталуда деп хабарлайды Oinet.kz тілішісі КТК арнасына сілтеме тастап.
"Ол оқыс оқиға кезінде өзінің азаматтық міндетін орындады. Елдімекенге тілсіз жаудың тарап кетуіне жол бермеді. Барлық күш сол әскери бөлімге жұмылдырылды. Енді сол жерде қаза тапқан әріптестерінің өліміне бұл азаматты айыпты етіп шығару бұл ақылға қонымсыз",- дейді күдіктінің туысы Ахмат Дадаев.
Еске салсақ, былтыр Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жойқын жаралыс болып, 17 адам ажал құшқан еді. Қаза тапқандардың оны төтенше жағдайлар қызметкерлері. Осы азаматтарға сол кезде басшылық еткен Мансұр Шайкрамов енді әріптестерінің өліміне кінәлі деп күдікке ілінген. Әскери тергеу басқармасы салғырттық бабы бойынша іс қозғап, тергеуге алыпты. Күдікті азамат өзін кінәлімін деп есептемейді. Қазір ол қызметінен босатылып, емін жалғастыруда. Өйткені Мансұр Шайкрамов әскери қоймадағы өртті ауыздықтау кезінде көптеген жарақат алған.
Ал әскери тергеу басқармасы бұл істің мән-жайы жариялауға жатпайды деген желеумен толық ақпарат бермеді. Тек оқ-дәрі сақтау қоймасындағы оқыс оқиға бойынша әлі тергеудің аяқталмағанын мәлімдеді.