Алматыда мектепке тапанша алып келген бала, сыныптасын атып жіберген

Oinet.kz 30-01-2023 1887

Алматыда мектеп оқушысы сыныптасын атып жіберді. Тапанша әкелген оқушы парталасының тура көзінен дәлдеген. Оқиға Томирис ықшам ауданында былтыр ғана ашылған жаңа мектепте болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq ryhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

№ 205 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларының арасында орын алған. Оқушылар арасындағы кижілжіңнің не үшін шыққаны белгісіз. Бірақ тапанша атылғанда сыныпта мұғалім болмаған. Ерегестен Т.Ж есімді бала жеңіл жарақат алған. Оқиғаның болғанын сынып жетекшісі растады.

«Бұл жағдай бірнеше апта бұрын болды ғой. Бәрін шештік. Директор да бұл жайттан хабардар. Оқушылар мен ата-аналар директордың алдында жиналып, мәселенің нүктесін қойды. Оқиға үзіліс кезінде болған. Балалар ойнап жатқан, біреуі тапаншамен атып жіберген», - деді  5 «г» сыныбының жетекшісі Кристина Котлярова.

Мұғалімнің сөзінше, тапанша ойыншық болған. Бірақ салмақты, ауыр тапаншадан қандай оқтың атылғаны да белгісіз. Жарақат алған бала дәлізге жүгіріп шығып, көмек сұраған.

«Тапанша атқан бала басқа мектепке ауыстырылды. Ал зардап шеккен баланың жағдайы жақсы, мектепке келіп жүр»,- деді сынып жетекшісі.

Мектеп директоры оқиғаны жасырып, өзара жылы жауып қойған. Оқыс оқиғадан қалалық Білім басқармасы хабарсыз болып шықты. Ал қалалық полиция бұл жайтқа қатысты мәселені анықтайтындықтарын жеткізді.

«Ол мектепте мұғалімі мен сынып жетекшісі бар, олардың жұмысына араласпаймыз. Ойыншық тапанша ғой бар болғаны. Біз мәселені толық анықтайық, ресми жауабын береміз», - деді Алматы қалалық Білім басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Қуандық Ешімет.

NIS Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауда
Ақтөбе облысында мектеп директоры жүкті әйелі мен 8 жасар қызын пышақтаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу