«Бес балаң қалды ғой артыңда!» - әнші жарылыстан досынан айырылғанын жазды (фото)

Oinet.kz 28-08-2021 17568

Белгілі әнші Айбек (Бүркіт) Сейітов 10 жыл бірге оқыған досынан айырылғанын жазды. Полковник Мейіржан Айманов есімді жан жолдасы кешегі Тараз маңындағы жарылыстан қаза болғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба жариялады.

Бүркіт пен досы.jpg

- Қайран досым! Кешегі Тараздың маңында болған жарылыста қаза болған досым, Мейіржан! Жаның жәннатта болсын! Қайғырып отырмын, досым! Бес балаң қалды ғой артыңда! Бес балаң! Не болды енді бұл, не болды?!! Отқа бірінші жүгіріп, досым, кеттің-ау!.. Жас кеттің-ау, досым! 5 күн бұрын сенімен телефонмен сөйлесіп едім, абай болшы деп...

Досымның жақындарына, бала-шағасына қайғырып көңіл айтам! Жарылыстан кейін, Мейіржанның денесін бүгін ғана түстен кейін тауыпты.

Тілсіз жаудың астында қалдың, бауырым! Айтар сөзім жоқ... Сен қаһармансың! Сен -Батырсың!

Он жыл бір класта оқып, бірге ойнап, бірге өскен досым! Қыршын кеттің!

Артыңда қалған бес балаңа обал болды... Жаның жәннатта болсын! Полковник Мейіржан Айманов - деп жазды Бүркіт.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)

Танымал әнші көпшілік ортада жайдарманшымен төбелесіп қалды (видео)
«Неге халықты дүрліктіріп, жағдайды ушықтырады!?» - Қарақат Әбілдина
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу