Ұлы тұлғалардың оғаш әрекеттері
19-01-2023
Әнші Алтынай Жорабаеваның 16 жасар қызы Айнара көпшілікті сұлулығымен тәнті етті.
Осыдан тура үш күн бұрын жаңа жасқа толған қызын Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында құттықтап, екеуінің фотосын жүктеген бооатын.
- Айнарам, міне бүгін Алланың қалауымен 16-ға келдің. Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін ботақаным. Ақылды, беделді, абыройлы, мейірімді бол жаным. Алла екі дүниенің абыройын, бақытын берсін. Қымбатты оқырмандарым, алдын ала ақ тілектеріңізге мың алғыс. Өздеріңізге еселеп қайтсын - деген болатын әнші.
Алтынай мен Айнараның фотосын көрген желі қолданушылары қызының сұлулығына тәнті болып, ыстық лебіздерін білдіріп жатты.
- "Қыздарыңыз өте сұлу! Өзіңізге тартқан", "Екі дүниенің бақытын, байлығын нәсіп етсін", "Құтты болсын сұлу қыздың туылған күні! Әлемдегі бақытты қыздардың бірі болсын!", "Алла сана сезім акыл ой берсін жүрегіне иман басына бақ берсін", "Сұлуууу", "Сұлу бойжеткен болашағын жарқын болсын", "Қызыңыз өте көрікті екен. Көз тимесін!" - дейді желі қолданушылары.