Қайрат Нұртастың әйелінің жаңа қарсыласы пайда болды (фото)

Oinet.kz 03-12-2020 2334

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Аяна Сұлтанбекова "Әлем ханымы" байқауына қатысады. Бірақ ол Қазақстанның емес, Орта Азияның намысын қорғайды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Жұлдыз Абдукаримова Аяна Сұлтанбекова.png

32 жастағы Аяна Сұлтанбекова өтінім беру үшін конкурс ұйымдастырушыларымен тікелей байланысқан. 

- Ұйымдастырушылар Қазақстаннан үміткер бар екенін хабарлады және Орта Азиядан қатысуды ұсынды. Қазақстан арқылы маған, қарапайым, танымал емес қызға, ол жаққа өту мүмкін емес еді, өйткені Қазақстан ішінде конкурс болған жоқ. Сондықтан мен Орта Азиядан өкілсіз, өз бетімше өнер көрсетемін, - деді ол.

Биылғы жылы пандемияға байланысты байқау онлайн форматта өтеді, бірақ ұйымдастырушылар келесі жылы конкурсқа қатысушылардың өз жобаларын таныстыру үшін келуге мүмкіндігі болатынын хабарлады.

Айта кетейік, Аянаның аяғы ауыр, 6 айлық. Конкурстың онлайн өтетіні оның оң жамбасына келген. 

Аяна Сұлтанбекова Назарбаев университетінің "Мемлекеттік басқару" бағдарламасының магистранты. Жақында ол Сингапур тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы диссертациясын қорғады. Сонымен қатар, Аяна Еуразиялық топта жұмыс істейді, қайырымдылықпен айналысады. Сонымен қатар, ол 45+ жұмыспен қамту жобасында жұмыс істейді.

"Әлем ханымы" - бұл халықаралық сұлулық байқауы, тұрмыстағы ханымдарға арналған, жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл байқау 2007 жылдан бері өткізіліп келеді, алғаш рет Болгарияда өтті. Оған әлемнің кез-келген елінен - тұрмыстағы, ажырасқан немесе жесір қалған 18-55 жас аралығындағы әйелдер қатыса алады.

Алтынай Жорабаеваның қызы Айнара көпшілікті сұлулығымен тәнті етті (фото)
Әнші Ғаділбек Жанай ерекше биімен желіні жарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу