«Осы суретті күттім, күттім, күттім-ай!»: Қайрат Нұртас ажырасқан жоқ
Еске салайық, желіде Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова ажырасып кетті деген қауесеттер тараған болатын.
Әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Абдукаримовамен түскен суретін жариялап, оқырмандарын қуантып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еске салайық, желіде Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова ажырасып кетті деген қауесеттер тараған болатын.
Қайрат Нұртас суретін Instagram-парақшасында бөліскен.
"Қайырлы түн тілейміз!", - деп жазды әнші.
Оқырмандар әншінің жарымен түскен суретін көптен бері күтіп жүрген болуы керек.
"Осы суретті күттім, күттім, күттім-ай", "Қуанып қалдым ғой, бақытты болыңыздар, жұптарыңыз жазылмасын", "Наконец-то деппін ғой, көре салып", "Тек бақыт бақыт тілейміз! Жұптарыңыз ешқашан ажырамасын", - деп жазды әншінің оқырмандары.
Еске салайық, Желіде Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова ажырасып кетті деген қауесеттер тараған болатын. Ал кейінгі сұхбаттардың бірінде Нұртас Айдарбеков Қайрат пен Жұлдыз бірге екенін айтқан еді.