Жас қыздай көрінетін 60 жастағы әйел сұлулық сырымен бөлісті

Oinet.kz 10-08-2020 1564

АҚШ-та тұратын 60 жастағы Доун Хаббер өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Көпшілік оны тіпті Шер есімді 30 жастағы қызының сыңары деп атап кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап жазады.

image.png

­

Анасы мен қызы өздерінің ұқсастықтарын мақтан тұтады және үнемі бірдей киінуге тырысады. Олар тіпті, ортақ 75 000 оқырманы бар Instagram парақша ашқан.

- "Кезінде менімен жүрген жігіттердің барлығы әрқашан: "Мен 30 жылдан кейін сенің қандай болатыныңды білемін" деп айтатын", - дейді Доун.

Шердің сөзінше, жұрт оны анасымен жиі шатастырып алады екен.

- "Адамдар үнемі екеуімізді әпкелі-сіңлі деп ойлайды. Бір күні анамның досы оны мен деп ойлап, оған әңгіме айтып тұрыпты", - дейді Шер.

Ал Доун өзінің бүгінгі таңға дейін жас әрі тартымды болып көрінуі тікелей қызымен байланысты екенін айтады.

- "Қызым маған сән әлеміндегі жаңалықтарды біліп отыруға көмектеседі. Біздің киіміміздің өлшемі де бірдей. Сол себепті киім ауыстырып кигенді ұнатамыз", - дейді әйел адам.

Сондай-ақ, Доун спортпен айналысып, терісіне күтім жасап, дұрыс тамақтанып, сұлулығын сақтауға тырысатынын атап өтті.

Айтуынша, жаттығулар оның жас көрінуінің бірден бір себепшісі екен.

- "Адамның жасы - бұл тек сандар көрсеткіші. Ең бастысы - өзіңді жақсы сезініп, позитивті болу", - дейді ол.

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнеклипі жарық көрді
Айгүл Иманбаева Сәбит Абдіхалықовпен жанұялық ғұмыры жайлы кітап жазбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу