Айгүл Иманбаева Сәбит Абдіхалықовпен жанұялық ғұмыры жайлы кітап жазбақ

Oinet.kz 28-02-2019

Иманбаева өмірден көргені мен түйгенін әлеуметтік желіде жазбайды. Есесіне оңашада отырып, қағазға түртіп қоюды әдетке айналдырған. Айгүлдің екі бірдей күнделігі бар екен. Алғашқысы жеке өмірінен сыр шертсе, екінші қолжазбасы – қоғамдағы өзекті тақырыптарды тілге тиек еткен. Ендігі мақсаты – жүріп өткен жолын бір кітапқа сыйдыру. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтты.

Screenshot_2.jpg

Бәрі бар. Сатқындық, мұң, қуаныш, жас… Ол менің балалық шағым, ол менің отбасылық жағдайым, ол менің өмірге келгенім… Ең алғашқы пәтер алған кезім, ең алғашқы көлік алған кезім”, – дейді Иманбаева.

Сондай-ақ, актриса өнердегі құрбыларының өзіне демеу болған күндерін де кітабына қоспақ.

Мәдинаның (Сәдуақасова – ред) тұрмысқа шыққандағы кезі. Осыдан 5 жыл бұрын. Соны оқып отырмын өткенде”, – дейді Айгүл.

Әзірге баламның тақырыбына енді келдім. Ары қарай жалғаса береді”, – дейді Айгүл. 

Ұлы жайлы сөз қозғағанда оның әкесін атап өтпеу мүмкін емес. Иманбаеваның тың туындысында – әншінің Сәбит Әбіхалықовпен өмір мен өнер жолындағы таныстығы және жанұялық ғұмыры толықтай қамтылмақ екен.

Мен өз-өзімді алдамайтын адаммын. Сол себепті елді де алдамаймын. Не жаздым, соны шығарамын. Өйткені ол менің жолым, менің өмірім. Менің әнім, менің жырым. Қабылдасаңыз қабылдаңыз, қабылдамасаңыз қабылдамаңыз болады”, – дейді Айгүл Иманбаева.

Жас қыздай көрінетін 60 жастағы әйел сұлулық сырымен бөлісті
«Еркектен бір саты төмен тұрғым келмейді» - Баян Мақсатқызы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу