«Еркектен бір саты төмен тұрғым келмейді» - Баян Мақсатқызы

Oinet.kz 10-08-2020 1289

Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы әйелдерге кеңес беру мақсатында Instagram парақшасында жазба арнады, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Өз жазбасында продюсер ханым елдегі болып жатқан жағдайларға қатысты әйелдердің қоғамдағы орны туралы айтып өткен. 

- "2020 жылды бәріміз мәңгілік есте сақтаймыз. Бұл жыл бізді қайта ойлануға, істерімізді қайта саралауға, соған сай шешім қабылдауға мәжбүр етті. Мен бұрыннан да еліміздің тарихына бей-жай қарай алмайтынмын. Ал бүгінгі таңда бір өзгерістің болары анық. Әрбір болып жатқан жәйттарды саралай келе "Біз әйелдерді ана, қыз, әпке, тұлға ретінде құрметтеуді қойдық" деген ой түйдім және сол әйел заты ер-азаматтан бір саты төмен тұруы керек деген насихат, дәл сол әйелдердің бірінші болып алаңға шығуына, азаматтық белсенділігінің артуына, әкімдердің кабинетінің алдына барып бас көтеруіне алып келді. Бұл посты жазып отырған да әйел. Мен еркектен бір саты төмен тұрғым келмейді, Конституция бойынша құқығымыз бір, мен де еркектермен тең тұлғамын. Әйелдер өзімізге төмен таптағы адам ретінде қарауға мүмкіндік беретін болсақ, елде қазіргідей жағдай жалғаса береді. Биліктің 99 пайызға ер-азаматтардан тұрады және ол ұрлық пен жемқорлыққа батқан. Біз парлементте, әкімдіктерде, министрліктерде отырған жоқпыз, отырсақ та біз жай ғана орынбасармыз, бақылаушымыз. Ата-бабамыздың тарихын еске түсірейік. Біз қасқыр ана Ұмайдың ұрпағымыз, біз осы ерекшелігімізді естен шығармаған сәтте, қалалар мен елдерді жаулап, тәкәппар, батыр және әділетті болған едік. Мүмкін бұл аңыз шығар, бірақ сол Ұмай ана мен әруақтарға сену батырларды ерлік жасауға жігерлендіріп, еркіндікке ұмтылдырған. Мен әйелдердің күшіне сенетін санаулы адамдардың бірі ғана шығармын. Бірақ бұның уақытша екеніне сенемін!», - дейді продюсер. 

Баян Мақсатқызының ойын оқырмандарының көпшілігі қолдаған. «Осындай әйелдер көп болсын», «Мен сізді қолдаймын», «Дұрыс айтасыз» деген пікір жазған оқырмандар көп. Кейбірі продюсерге саясатқа араласуды да ұсынған.

Айгүл Иманбаева Сәбит Абдіхалықовпен жанұялық ғұмыры жайлы кітап жазбақ
«Қайрат Нұртас пен Төреғалидың істеп жүргені мазақ» - Ермек Тұрсынов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу