Заңгер Ақтаудағы үш баласын бауыздап өлтірген жігіттің әйелі туралы сөз қозғады
Ақтауда полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстаған еді. Бұған дейін оған қатысты өзге ағымның жетегінде екендігі туралы деректер болған.
Кеше ғана өз балаларын өлтірген ер адамның әйелі "Маған бәрібір. Балалар Аллаһқа қайтты" деген болатын болатын. Осыған байланысты заңгер Айгүл Орынбек өз ойымен бөлісті, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
"Неге түстен кейін байбалам сап, ойбайлап жатсыңдар? Солардың қолында билік болғанда, біреуің бұл тақырыпқа қарсы жазбайтын едіңдер ғой?!
Енді ойбайлауға тым кеш….!
Біз осындай миы уланғандардың арқасында 50 жыл артқа кеттік…! Тіпті осылардың Сирияға кетуіне тікелей “мұрындық” болғандар әлі де “уағыз” айтып, бостандықта талтаңдап жүр !
Біз бір ауыз сөз жазсақ, қылмыстық іс ашып шыға келетін ПРОКУРАТУРА бұларға келгенде - неге қауқарсыз екенін әлі күнге дейін түсінбей келемін! Немесе бұлардың биліктегі “ҚОРҒАУШЫСЫ” мен “ҚОЛДАУШЫСЫ” кім? Неге теріс ағымда жүргендерді түбімен құртатын ЗАҢ шығармайды? Әлде миы уланған топас халықты билеу, айдауға көндіру - “ыңғайлы” деген “саясат” па бұл? Онсызда ОТ болып тұрған Батыс жаққа Сириядан келгендерді әкеліп “төгіп” тастадыңдар…
НӘТИЖЕСІ: Айналдырған үш жыл ішінде 70% халқы оранып шыға келді! Осы ма еді армандарың? Батыс халқының миы уланып, көтеріліске шықпай тыныш жатсын дедіңдер ме?!
Елімізге “Жусан” операциясымен келгендерге бейімдеу үшін қандай жұмыстар жасалып жатқанын зерделеп жатқан біреу бар ма? Әлде әлем алдында гуманды елдің түр-сипатын көрсету үшін жасалған тағы бір көзбояушылық па?
Өз жергілікті халқына жұмыс таппай көтеріліп жатқан аймаққа, адамның басын кесіп, тірідей өлтіріп жатқандардың елінен бұларды не үшін әкелдіңдер? Өз балаларын балталап өлтірген “хайуан” қаншама жастардың миын улап үлгерді екен? Өзінің бауыр еті-баласын аямағандар - басқа халықты аясын ба?
“Маған бәрібір. Балалар Аллаһқа керу қайтты. Сол адамның себебімен Аллаһқа қайтты. Болды", - дейді қара жамылған ана…!
Дені дұрыс адамның айтатын сөзі ма? Мына әйелмен шұғыл түрде психолог, теологтар жұмыс істеу керек!", - деп жазды Айгүл Орынбек.