Қалаулымдық жұп шаңырақ көтерді
Елімізде карантин режимі орын алғандықтан көптеген жұптар арасында «карантиндік неке» деген челлендж пайда болғандай. Бұл жолы «Қалаулым сен» жобасында табысқан Өркен Бақытбек пен Наргиз Әбдіғаппар шариғат тұрғысынан ақ некесін қидырып, ерлі-зайыпты атанды деп жазады Oinet.kz kz тілшісі.
Қуанышты жаңалықты жас жұбайлар Instagram парақшасында жариялады. Екі жақтың үлкендерінің ақ батасын алып, отбасының іргетасын қалады.
Жас жұбайлар қасиетті Рамазан айының жұма күні некесін қидыруды бұрыннан жоспарлаған екен. Енді үлкен үйлену тойын жазда дүркіретіп өткізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, Өркен мен Наргиздің таныстығы «Қалаулым сен» бағдарламасында басталып, әуелгіде сырлас дос болып, достығы риясыз махаббатқа ұласты. Енді міне, пәк махаббаттың нәтижесі ерлі-зайыпты атандырды.