Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін көрсетті
Танымал қазақ эстрада жұлдызы Мөлдір Ауелбекова өз сүйіктісін көрсетті деп хабарлайды Oinet.kz тілішісі.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында бірге түскен суретін жариялап оқырмандарын ойландырып қойды.
«Сәрсенбінің сәтті күні, жаңа қуанышты өміріміз басталды» - деп жазба қалдырған әншінің оқырмандары бұл бақытты жанның кім екенін біле алмай дал болып жатыр.
Бірі «Капюшенін кигізіп қойыпсыз, әйтпесе шашынан танып қоятын едік» деп бұрынғы күйеуін меңзесе, басқа бірі ол емес деп болжам жасауда. Алайда басым көпшілігі әншіге бақыт тілеп ақ тілектерін білдіруде. «Сіз үшін өте қуаныштымын», «Сіз бақытты болуға лайықтысыз», «Бақытты болыңыздар», «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан, бақыт тілеймін» деген сынды ақ жарқын тілектерін айтып жатыр.