Танымал актер Жандос Айбасов шаңырақ көтерді

Oinet.kz 02-02-2020 5796

Отандық танымал актер Жандос Айбасов отбасын құрды. Қазақстандық кино саласының майталманы бірнеше жылдан бері кездесіп жүрген сүйіктісі фотограф Марина Карпыковаға үйленді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталына Oinet.kz.

Жандос Айбасов.jpg

Өнер иесінің қалыңдығы Instagram парақшасында екеуінің неке қию куәлігімен түскен фотосын жариялап, көпшілікті қуантты. Оған қоса, әлеуметтік желіде Маринаның ақ орамалмен жүрген суреттері тарап кетті.

Жандос Айбасовтың ғашығы заңды түрде некесін қиғаннан кейін, сүйіктісінің тегін алған. Енді ол Карпыкова емес, Марина Айбасова болды. Белгілі фотограф тіпті, желідегі ресми парақшасына да жаңа тегін жазып қойған.

Желі қолданушылары бірден қос ғашықты отбасы болуымен құттықтап, оларға деген ақ тілектерін қарша жаудырған.

"Менің сүйікті актерім, бақытты болыңыз" , "Ағасы құсыңыз құтты болсын" , "Өте жарасымды жұп, тек қана бақыт" , "Келіншегіңіз сондай сүйкімді екен" , "Балалы-шағаоы болыңыздар" , "Сіздер бақытты болуға лайықсыздар" , "Жұптарыңыз ажырамасын, бақытты отбасылы өмір кешіңіздер" , "Әйеліңі өте жақсы адам сияқты" , - деп жазуда көпшілік.

Азамат Сатыбалды: «Өзінің басына келеді. Бала-шағаға тиеді»
«Ninety One» тобының толықтай тарайтыны рас па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу