«Ninety One» тобының толықтай тарайтыны рас па?

Oinet.kz 02-02-2020 1552

Ұзақ уақыт көзден тасада жүрген «Ninety One» тобы тың жаңалықпен сахнаға қайта оралды! Бұл жолы ұжымның мүшесі A.Z басты назарда. Рэпер соло әнші ретінде дебют алып, алғашқы альбомының тұсауын кесті, деп жазады Oinet.kz порталы ntk.kz-ке сілтеме беріп.

Ninety One.jpg

Еске салсақ, A.Z алғаш рет күллі кью-поп орындаушылардың басын қосқан Q-fest шарасында жеке әнін айтқан еді.

A.Z, «Ninety One» тобының мембері:

- Бірінші, есте қалған q-fest-те шыққан мен, дебют алғам сол жерде. Сол жерде қатты қорыққам бүгінде негізі қорықтым. Бірақ бәрі жақсы, ойдағыдай.

Әдетте топта өнер көрсетіп үйренген A.Z дебют алудан біраз тартынғанын жасырмайды. Ал оның тырнақалды «Ою» атты трегінің тұсауы кесілген бойда, иглз біткен Азамат «Ninety One»-мен қош айтыса ма» - деп, топшылады.

Алайда, A.Z-дың соло орындаушы ретінде өнер көрсетуі 91-ліктерге еш кедергісін келтірмек емес! Ұжым продюсері Ерболат Беделханның айтуынша, жігіттердің әрқайсысын жеке әнші ретінде шығару бұрыннан жоспарда болған. Мәселен, бұл күні A.Z-мен қата, Зак та өзінің төл туындысын тыңдарманға ұсынды.

Танымал актер Жандос Айбасов шаңырақ көтерді
Димаш Құдайберген өз тарапына айтылған қауесет сөздерге нүкте қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу