Азамат Сатыбалды: «Өзінің басына келеді. Бала-шағаға тиеді»

Oinet.kz 29-01-2020 2580

Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды өміріндегі ең жек көретін нәрсесі туралы жазба жариялады. Жазуынша, өнер иесіне кейбіреулердің шындыққа жанаспайтын өсек тарататыны мүлдем ұнамайды екен. Ол өз қолмен ұстап, көзімен көрмей сыртынан сөз сөйлеуді күнә деп есептейтінін алға тартып, қауесет шығаратындарға шамданды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Азамат Сатыбалды.jpg

Азамат Сатыбалды өсекші қауым жайлы бар ойымен Instgaram парақшасында бөлісті. Онда ол өтірік әнгіме айтудың зардабы қандай болатынын да ашып айтқан.

"Өмірдегі ең жек көретін нәрсем - адамның артынан өсек тарату. Жүйелі сөз жүйесін тапса, жүйесіз сөз иесін қабады. Қолмен ұстап, көзіңмен көріп, құлағыңмен естімей сөз айту күнә болып саналады.

Ол өзіңнің басыңа қайтып келеді немесе бала- шағаңа тиеді. Бақытсыздықтың басы осыдан басталса керек. "Бақытқа қайда барасың" десе, "ынтымақ пен бірлікке барамын" деген.

Былапыт сөзбен былғанбай, бақытты болудың жолын іздеген жөн. Кімнің жақсы, кімнің жаман. Кімнің тұлпар, кімнің шабан екенін ұлы емші уақыт көрсетер. Бір Аллаға аманат" , - деп жазды ол.

Ayree мен Димашты не байланыстырады?
Танымал актер Жандос Айбасов шаңырақ көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу