Мұсылмандығы сол ма біреудің еңбегін жеп масыл болуға әуестенсе?

Oinet.kz 14-02-2023 6609

Иман орамалмен қымтанып, хиджабпен қылғынып жүргенмен өлшенбейді. Хиджаб - сыртқы қабық. Тура осы постқа қазір жалаңдап жетіп келіп сүйкенетіндер көп.  Мейлі.

Screenshot_8.jpg

Таңертең билет тексеретін келіншектің сөзі назарымды аудартты. “Кіре сап төлеуге болады ғой, ұят қайда?” Басына жапсырып қап-қара тазкепеш киіп, оның сыртынан шымқай қара шарфты қылғына орап алған жас қыз шімрікпеді.

Шынымен. Әуезовтағы аялдамадан кіргенде тұрған әлгі қыз Байтұрсыновтан ішке енген тексерушінің дауысын естімеді емес, естіді. Қасына тексеруші келгенде қазір кіргенін айтып, қалтателефонын шұқылағансыды. Адам көп, келесі аялдамадан түсіп үлгерем деген ой болғаны анық.

Ұят қайда дегенге бетінің ұшы қызармаған әлгі қыз салондағы бір жігіттің, сосын менің ғана қырсығымызға тиді.

“Телефонының тарифі біткен замат ақша салады, Әуезовтан мен кіргенде тұрған қыз он рет төлеп үлгеретін еді. Аяудың керегі жоқ мұндайларды”, - деп мен шықтым.

“Қолында ең кемі 500-600 мыңның телефоны, сөйте тұра 40 теңгеге билет алғысы келмейді. Айып салыңдар, сабақ болсын”, - деп салонның артқы жағында отырған ана жігіт айғай салды.

Қасымдағы әйел болса: “Бір жолға кешіру керек”, - деп, қызға жақынырақ тұрған ортадағы жігіттің бірі: “150 теңге мен төлейін, какая разница, төленсе болды ғой”, - деп жарылқамақ ниет танытты.

“Джентельмендігіңді 150 теңгемен емес, басқа жерде көрсет”, - деп тағы жармастым.

Тексеруші әлгі оранғанға Сейфуллиннен түсуді өтінді, шара қолданатынын айтты.

“Штраф қанша, қазір төлей салайын!”- деп міндет қылған қызға аты-жөнін толық көрсетіп арнайы  қағаз  толтыру керегін түсіндірді тексеруші.

“Бір жолға кешіру керек” дейтіндер оның бір жолы тағы да тегін жүргісі келетінін неге ойламайды? О қыз қоғамдық көлікпен күнде жүретінін біледі, ақшасына неге ұқыпты болмасқа?

“Оранған біреу болған соң шапшып отыр”, - деп маған тістенетіндер баршылық. Кез келген - ол пенсионер шал-кемпір, ол мектептің оқушысы болсын, жолақыны төлемеген адамды жолдан түсіріп, айып салғанды қолдаймын. Ақшасы болмаса, жаяу жүрсін. Еш уақытта жаным ашымайды ондайларға. Арлы адам ақшасы болмаса, өлсе де тегін жүрмейді. Ал жармасып отыра қалған екен, жүргізушіге жақын барып жөнін айтады. Солай ғой. Иә 

Қылғынып тұмшаланғанды жаратпаймын. Мына сияқты қара орамалдыны тіпті жеккөрем. Оқыған намазы (оқыса) қайда қалды? Иманы, мұсылмандығы сол ма біреудің еңбегін жеп масыл болуға әуестенсе?

Кебінге оралғандай басына қара тазкепеш киіп сазарып түскен қызға: “Қара басыңа ғана көрініп, тұтас ұлтқа жетпесін”, - деп күбір ете қаппын ғой.

Қазақтың қызы маңдайын жарқыратып ашып жүрген! Сондықтан бла-блаларыңды бүктеп қалтаға саларсыңдар.

Құран аятынан да мысал келтіріп шаршамаңдар, өтініш. Шаш пен бет деген сөз жоқ онда және  екеуі де әуретке жататын.

Ал кешірім беру керек деген арты бостарға айтарым, өзге ұлт боқтаса да, даттаса да кешіріп жүрсің ғой, шыққан мүйіз көрмедім әлі… Солай! 

Айгүл Болатханқызы

Facebook парақшасынан

Беттеріне жүн, көкірегіне жалған дін байлап жүр
Патшаға әрненің қайыры болатынын дәлелдеген уәзір
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу