Беттеріне жүн, көкірегіне жалған дін байлап жүр

Oinet.kz 06-03-2023 8250

Танымал ақын Светқали Нұржан «Halyq uni» басылымына сұхбат беріп, өзге діннің жетегінде кеткен адамдарды сынға алды. Оның айтуынша қазақ халқы ешқашан «қара жамылып, бетін тұмшаламаған», деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Сaravan.kz сайтына сілтеме беріп. 

Screenshot_2.jpg

Ақынның жанайқайы желідегі парақшалардың бірінде пайда болды.

«Беттеріне жүн, көкірегіне жалған дін байлап алып жүрген бауырларымызбен, айдың күннің аманында бетін қара жамылып жүрген... Қазақ адам өліп жатқанда да қара кимеген, қатыны мен қызы қара жамылмаған. Осындай жаман ырымдарға әкеліп жүрген осы кесапат. Бұл дүниежүзінің құпия күштері жасаған зұлмат ағымдар. Біздің жүрегіміздегі иманымызды шайып кету арқылы, қазақ деген қасиетті ұлтты жоқ қылу саясаты. Міне осы менің көзқарасым, мұны тірімде де айтамын, ертең топырақтың астында да айтамын. Себебі менің мұраларымның бәрі сол ілімді, ұлы ілімді насихаттайды», - деді ол.

Желі қолданушылары бірауыздан ақынды қолдап, әр сөзімен келісетіндіктерін жеткізген.

«Өте дұрыс айтасыз, әр сөзіңіз орынды», «Қазақта бұрын осындай болмаған, білмеймін қазіргі жастар қайдан шығарып алғанын осындайды, өз дінім, өз иманым өзімде. Бұлай хиджабқа оранғандарды өзім көп жақтыра білмеймін», «Тіпті оранғыш болып бара жатса, неге бастарына бөрік, әжелеріміз неге жаулық тақпайды екен? Өздері білмейді қазіргі жастар, қандай дінді ұстанып, қай бағытта жүргендерін», деп жазды олар.

Жетімнің есебі ақыретте сұралады
Мұсылмандығы сол ма біреудің еңбегін жеп масыл болуға әуестенсе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу