Ата-анамыз үшін қандай дұға тілеуіміз қажет?

Oinet.kz 01-02-2020 1202

Ата-ана – адамның өміріндегі ең маңызды жандар. Алла дәл сол кісілерге біздің әрқайсымызды дүниеге әкелу жауапкершілігін жүктеді. Бізді өсіріп тәрбиелеуде әкелеріміз бен аналарымыз көптеген қиындықтарға тап болады. 

49_main.jpg

Ислам – мейірім мен қайырымдылық діні, және де біздің ең алдымен ерекше құрмет көрсетуіміз тиіс адамдар – Алланың қалауымен бізді дүниеге әкелген жандар. Жаратушы Иеміз ата-анаға қатысты ең көркем мінез танытуымызды және ең ізгі амалдарымызды жасауға шақырады. 

Құранда айтылады: «Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”, - де» (Құран Кәрим, 17:24).

Бірде Пайғамбардан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сұрады: «Аллаға ең ұнамды іс қандай?». Ол айтты: «Уақытылы оқылған намаз». «Ал одан кейінгісі қандай?» дегенде, «Ата-анаға бағыну және оларға жақсылық жасауға ұмтылу» - деп жауап береді де, содан кейін ғазауат – яғни, ислам жолындағы күрес тұратындығын айтқан. 

Тірі кезінде де, о дүниелік болғанда да мұсылманның міндеті – ата-анасына құрметпен қарау, мейірімділік көрсету, қамқор болу, Жаратушыдан олардың тілеуін тілеу. Ата-ана үшін жасалған дұға Алла тарапынан бірден қабыл етіліп, береке әкеледі:

1. Рабби-рхамхума кама раббаяни сағира.

«Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!”, - де» (17:24).

2. Раббана-ғъфирли уа ли уалидайя уа лиль-му’минина яума якъумуль-хисаб.

«Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!», - (деді). (14:41).

3. «Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр»  деді. (71:28).

4. Аллахумма ихдиний уа уалидайи уа акаарибий аляссырати ль-мустақим.

О, Алла, мені, ата-анамды және  туыстарымды тура жолға сала гөр.

Дереккөз:  Azan.kz 

Ата-анасын наразы еткен перзент
Дұғаны қалай жасау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу