Кедейді байытқан дұға
09-06-2022
Дұғаның тез арада орындалатын кездері бар. Бірақ кейде дұғаның өзіне үлкен дайындық, еңбек керек.
Алдымен бұрын соңды жасаған күнәларымыз үшін Аллаһтан кешірім тілеп, тәубе еткен дұрыс.
Аллаһқа деген иманымызды, ішіп-жеміміздің адалдығын бір тексеруден өткізіп алған артықтық етпейді.
Одан соң дұғамыздың қабыл болатынына шын сенуіміз керек.
Дұғаны бастарда Аллаһты мадақтап, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтқан абзал.
Мысалы: Күллі мақтау бүкіл әлемнің иесі Аллаға тән. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) және оның отбасы мен туған-туыстарына әрі сахабалары мен соңынан ілесушілерге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Әр дұғаны үш-төрт рет қайталап айтудың да маңызы жоғары.
Қабыл болмады деп үміт үзбей, күндер, айлар, тіпті жылдар бойы сабырмен күту керек.