Құрт қосылған балмұздақ

Oinet.kz 02-02-2020 1117

Құрамы:

0,5 л. майлылығы орташа сүт

500 мл. кілегей

5 дана жұмыртқа

100 гр. қант

2 ас қ. қолдан жасалған жұмсақ құрт

250 гр. ақ шоколад

иіссіз өсімдік майы

дәміне қарай ваниль қанты

балмұздақ.jpg

Жасалуы:

Жұмыртқаны сарысынан ажыратып, ақуызын көпіршігенше араластырамыз.

Ал сарысын қантпен қосып жақсылап былғау керек.

Кілегейді сүт пен құртты бірге блендермен шайқап аламыз.

Дайын болған қоспаларды біріктіріп, балмұздақ қалыпқа салып, мұздатқышқа толық қатқанша 3-5 сағат қойып қоямыз.

Енді балмұздақтың сыртын шоколадпен қаптайық. Ол үшін шоколадты ыдысқа салып пешке немесе буға ерітіп, үстіне өсімдік майын қосамыз.

Шоколад шәрбәтін биік стақанға құйып, балмұздақтарды соған батырып аламыз да, 10-15 минут тоңазытқышқа қойып қою керек. Құрттың дәмі ерекше сезілетін балмұздақ дайын!

Теңіз өнімдері қосылған Том Ям сорпасы
Хошан мантысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу