Денсаулыққа пайдалы сорпалар
24-09-2020
Құрамы:
Мидия – 60 г
Кальмара – 30 г
Асшаяны – 40 г
Саңырауқұлақ – 35 г
Пияз – 30 г
Черри қызанағы – 35г
Күнзе – 5 г
Көк пияз – 5 г
Лемонграсс – 2 г
Лимон шырыны – 20 г
Тауық сорпасы – 200 г
Зімбір – 2 г
Қант – 4г
Балық соусы
Кокос сүті – 60 г
Том Ям пастасы – 12 г
Тұз
Дайындау әдісі:
1. Зімбір тамыры мен лемонграссты турап, тауық сорпасына салып баяу отта қайнатамыз. Лемонграсстың дәмі сорпаға шығуы керек.
2. Содан соң балық соусы мен том ям пастасын, тұз бен өзге де дәмдеуіштерді қосып қайта қайнатымыз. Соңында кокос сүтін қосамыз, оның іріп кетпеуін қадағалап тұрыңыз.
3. Пияз бен саңырау құлақты қуырамыз. Олар қызарғанда асшаян мен мидияны саламыз. Оларды қуырып, соңында кольмар салынады.
4. Қуырылған азықтарды жоғарыда дайындаған сорпаға саламыз. Оның үстін көк пияз, черри қызанағы және күнземен әсемдейміз.