Пицца дайындау
22-08-2020
Құрамы:
Ұн
Тұз
Жылы су
Жұмыртқа
Томат соусы
Руккола
Пармезан ірімшігі
Жартылай тұздарған ақсерке балығы
Зәйтүн
Дайындау әдісі:
Тұз, жұмыртқа және жылы суды әбден араластырып алып, үстіне ұнды салып қамыр илейміз.
Қамырды 30 минуттай тындырып қойып, уақыт өткен соң жаямыз. Қалыңдығы орташа болуы шарт.
Қамырды қызып тұрған пешке салып, 20 минутқа қалдырамыз.
Дайын болған пицца нанының үстіне томат соусын жағамыз. Рукколаны, жұқалап кесілген ақсерке балығын, зәйтүнді қоямыз.
Соңында үккіштен өткізген пармезан ірімшігін сеуіп, дастарқанға ұсынамыз. Дайындалуы да тез, дәмі де ерекше пиццаны үйде әзірлеп көріңіз!