Пицца дайындау

Oinet.kz 22-08-2020 947

Көптеген адамдар фастфудтың ішінде пиццаны ерекше ұнатады. Пепперони, маргарита, көкөніс, сарымсақты пиццаны ұнататындар оны үйде дайындап үйренгісі келеді.

Ол үшін бізге:

4 ас қасық қаймақ

4 ас қасық майонез

2 жұмыртқа

9 ас қасық ұн

сыр керек болады.

Жасалу жолы:

Қамырыңыз қаймақ секілді қою болып шығуы керек. Табаны майлап, қамырды құйыңыз. Үстіне қалауыңызша қызанақ, шұжық, тұзды қияр, зәйтүн, томат қосуыңызға болады.

Майонез жағып, бір қабат сырды қалыңдау етіп жағыңыз. Сырыңыз мейлінше қалың болғаны абзал.

Табаны пешке қойыңыз. Астын орташалау етіп жаққаныңыз абзал. Бірден қақпағын жауып қойыңыз. Сыр еріген бойда, өшіре беруге болады.

Пиццаңыз дайын, ас болсын!


Алма қосылған бәліш (пирог)
Тауық етін дәмді етіп пісіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу