Жұқа құймақша (блинчики)

Oinet.kz 22-08-2020 809

Керек заттар:

Сүт (шикі) – 1 литр

Жұмыртқа – 2 бас

Шекер – 2 ас қасық

Ұн – 250 гр

Сұйық май – 4 - 5 ас қасық

Тұз – шай қасық ұшымен

Сода – жарты шай қасық

Сары май (слив. масло) – піскен құймақтың арасына жағып отыру үшін.

Дайындау әдісі:

▪ Шикі сүтті отқа қойып аздап жылытып алыңыз.

▪ Жұмыртқаны, шекерді, тұзды, соданы салып бөлек ыдысқа әбден араластырып алыңыз.

▪ Сүтке, жұмыртқа, ұн, сұйық майды құйып және араластырыңыз.

▪ Дайын болған сұйықтықты 10 минуттай қалдырыңыз.

▪ Табаны қыздырып ожаумен шетінен құйып пісіре беруге болады.

▪ Әр құймақ арасына жұқалап сары май жағып отырыңыз.

Ескерту: Таба құймаққа арналған немесе бауырсақ пісіріп жүрген таба болса құба - құп. Олай болмаған жағдайда асты жабысуы мүмкін.

1 литр сүттен орташа табамен өлшегенде 30 - 35 құймақ шығуы мүмкін.

Манты түюдің ерекше әдістері
​Наполеон торты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу