Денсаулыққа пайдалы сорпалар

Oinet.kz 24-09-2020 883

Сорпаның ең алғашқы рецепті IV ғасырда жазылған грек аспаздық кітабынан табылды. Ол бидай, зәйтүн майы, туралған ет, мал миы және шараптан тұрған. Содан бері әр халықтың өз сорпасы пайда болды. Ауыр кезеңдерде қол астындағы кез келген азық-түлікті қайнаған суға салып, сорпа алатын болған. Уақыт өте келе олардың құнарлығы арта бастады. Бірақ асқазан-ішек жолы ағзалары ауыратын адамдарға сорпаның барлығы бірдей пайдалы емес. Сондықтан ешқандай асқыну тудырмайтын, асқазанға пайдалы 4 сорпаны ұсынамыз.

1. Картоптан жасалған крем-сорпа

Барлық крем және езбе сорпалар асқорытуды жеңілдетеді. Бірақ көпшілік картоптың калориясынан қорқады. 100 г суға піскен картопта тек 80 ккал болады. Сонымен қатар, бұл көкөніс көптеген пайдалы заттарға толы:

- Калий – жүрекке арналған басты құнарлы зат;

- Крахмал холестерин деңгейін төмендетеді;

- В тобының дәрумендері Альцгеймер ауруының дамуын тоқтатады;

- Натрий қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті ұстап тұрады;

- Фосфор сүйекке, тіске және жүйке жасушаларына өте қажет.

2. Брокколи қосылған сорпа

Барлығы бірдей бұл көкөністі жақсы көре бермейді. Алайда брокколиді оның пайдалы қасиеттері үшін тамақтану үлесіңізге қосқаныңыз жөн:

- Ол трепептид глутатионның арқасында иммунды жүйені бекітеді. Бұл зат жасушалардың қалпына келуіне көмектеседі;

- Асқорытуды жақсартады және зат алмасуды белсенді қылады;

 - Теріні коллагенмен қанықтырады;

- С дәруменіне бай – бұл дәрумен темірді сіңіруге ықпал етеді, жұқпадан қорғайды және жасушаларды қалпына келтіреді;

- Шаш денсаулығын қамтамасыз етеді және А дәруменінің арқасында иммунды жүйенің жұмысын жақсартады;

- Құрамындағы лютеин болғандықтан, көзді суқараңғыдан (көз ауруы) және басқа да аурулардан қорғайды.

3. Асқабақ сорпасы

Бұл тағам көп мөлшердегі бета-каротин үшін ең пайдалы сорпалар тізіміне кіреді. Адам ағзасында ол А дәруменіне (көзге пайдалы) айналады. Асқабақ құрамындағы пайдалы заттар үшін бауырға да аса пайдалы:

 - Темір гемоглабин өңделуін жоғарылатады және ағазаға бактериялармен күресуге көмектеседі. Сонымен қатар, ол эритроциттердің бөлінуіне жауап береді, сол жасушалардың арқасында ағза оттекпен қанығады;

- Магний жүйке жүйесі жұмысын жақсартады және өт қабы мен қуықта тас түзілмеуін қадағалайды;

 - Калий қантамырлар қабырғасын бекітеді және ісікті азайтады.

4. Фо Бо

Вьтнам асүйінің бұл танымал сорпасын ХХ ғасырдың басында көше саудагерлері ойлап тапқан. Мұндай сорпаның бір үлесінде біраз пайдалы заттар бар:

- Темірдің тәуліктің нормасының 20%-ы;

 - С дәрумені нормасының 10%-ы;

- А дәруменінің күндізгі нормасының 4%-ы;

- Натрий нормасының 26%-ы.

Бұл элемент жасушадағы су-тұзды тепе-теңдікті, бұлшықет және бүйрек жұмысын ұстап тұрады. Алайда бұл сорпадағы тұздың көп мөлшері қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер оны аптасына 1 реттен артық ішпеуді ұсынады.

60 секундта ұйқы келтіретін әдіс
Құрғақ көз синдромы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу