Хошан мантысы

Oinet.kz 02-02-2020 1370

Хошан – ұйғыр халқының дәстүрлі тағамдарының бірі. Оны дайындау біраз уақытты алады. Бірақ нәтижесінде ерекше астан дәм татасыз. Мұны көбінесе мәнті пәсіргішке емес, далаға су құйылған қазанның бетіне тәрелке қойып, соның үстіне булап пісіреді.

Хошан.jpg

Салманың құрамы:

900 гр асқабақ

250 гр ет      

3 бас пияз

0,5 шай қасық күнзе

Қамырына: ұн, су, тұз, жұмыртқа керек.

Дайындалуы:

Әуелі иіні қанып тұруы үшін қоспалармен қамырын илеп аламыз.

Сосын асқабақ, ет, пияз үшеуін тазалап, ұсақ, төртбұрыштап турап, тұз бұрыш және күнзені қосып, қызып тұрған майға шала қуырып аламыз.

Енді мәнтіні дайындау үшін қамырды екіге бөліп, шұжық етіп, созамыз.

Оны кішкене дөңгелектерге бөліп, әрқайсысын оқтаумен жайып шығамыз. Қамырдың қалыңдығы 1,5 мм болуы керек.

Ішіне салмасын салып, шашылып қалмас үшін мәнтіні бірде-бір саңылау қылдырмай түйеміз.

Одан соң, бәрін көп мөлшердегі майға қызарғанша қуырып аламыз.

Қуырылған мәнтіні мәнті пісіргіш ыдысқа 30 минут пісіреміз.

Осылайша хошан мәнті дайын. Оны «лазжан» тұздығымен бірге ұсынамыз.

Құрт қосылған балмұздақ
«Қара көйлек» десерті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу