Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Сібір самырсыны, немесе дұрыс, самырсын қарағайының биіктігі 35-40 метрге дейін жетеді, ал бұл ағаштың діңінің қалыңдығы екі метрге дейін жетеді. Жақсы дамыған самырсын жылына елу килограммға дейін таза жаңғақтар береді, онда көп май бар. Самырсын ыдысында сүт ұзақ сақталады. Самырсын тақтайларынан жасалған сөреде күйе болмайды. Қансорғыш жәндіктер осы ағаштан бөлінетін эфирден қорқады. Сібірдің самырсын жаңғақтарынан өсімдік кілегейі жасалынады, олар сиырдың кілегейінен үш есе майлы, себебі самырсын жаңғағы майдың 79 пайызын құрайды. Самырсын жаңғақтарын тұтыны туберкулездің алдын алады.
Ежелгі өркениеттер кезінен бастап-ақ самырсын ең үздік құрылыс материалы болып саналды. Самырсын ағашынан фараондардың саркофагтары құрылды, храмдар мен сарайлар салынды. Бүгінгі күні самырсын тек осы фактіні растайды, өйткені үйдің қасбетін әрлеу үшін де, ішкі интерьер үшін де ең жақсы құрылыс материалы болып табылады.
Самырсын ормандары өте күшті фитонцидтік белсенділікке ие. Мәселен үлкен қаланы микробтардан тазарту үшін самырсынның бір гектары да жететін еді.
Оттегі молекулалары фитонцидтермен қосылғанда олардың емдік қуаты үш есе өседі. Бұл синтездің нәтижесінде емдіңк қасиеттегі озонидтер пайда болады.
Қазіргі заманғы ғалымдар көне наным-сенімдерді растап, самырсынның жаны бар екенімен келісті. Басқа өсімдіктерден айырмашылығы самырсын биологиялық ырғаққа бағынбайды. Ол өзі өмір сүреді. Бұлтты ауа райында самырсын сағат 10 шамасында оянады, яғни оның белсенділігі артады. Ашық күндерде күн сәулесімен бірге оянады. Самырсынның ұйықтау уақыты 23 сағатқа жақын. Қыста ағаш жазғы уақытқа қарағанда көбірек ұйықтайды.
Самырсындардың барлық түрлерінің арасында ең биігі 50 метрге жететін Гималай самырсыны.
Қызыл кедр Жерорта теңізі жағалауында бұта түрінде де өседі. Оның құндылығы - ою және басқа да жұмыстар үшін пайдаланылатын әдемі ағаш.
Адамдар самырсыннан түрлі сусындар да әзірлеп ішеді.