Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
6-8 миллиметрден 6-10 метрге дейін өсетін Румыниядағы тровант тасы туралы естуіңіз бар ма?
Трованттар көбінесе шар тәрізді немесе сопақша пішінді болып келеді. Ортасынан жарып көрсеңіз, ағаштың жас сақиналары сияқты концентрленген сызықтарды байқау қиын емес. Бірақ бұл құбылыстың ешқандай ерекшелігі жоқ, бұл тастар қарапайым табиғи процесстер нәтижесінде пайда болған. Олар жаңбырлы күндері жабысқан құмдарды біріктіріп цементтену арқылы көлемін үлкейтеді.
Бір рет жаңбыр жауып өткен соң барып қарасаңыз, күн ашықта кішкентай болған тровант үлкейіп, дөңестенгенін байқайсыз. Олардың көлемі өзгеріп отырады, цементтелмеген құмдар түсіп қалады.
2006 жылы Костешть ауданында «Трованттар табиғи мұражайы » ашылды. Мұнда әр түрлі көлемдегі және пішіндегі тастар жинақталған, олардың кейбіреулерінің биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Ашық аспан астындағы мұражай 1,1 га жерді алып жатыр. Сондай-ақ, Отесани ауылынан 15 км жерде жергілікті өзен жағасынан әр түрлі көлемдегі және пішіндегі трованттарды кездестіруге болады.