Кальянның зияны туралы

Oinet.kz 27-08-2019 3399

Картинки по запросу вреден ли кальян

Әрине шылымның зияны туралы дәйектер жеткілікті, ал кальянның зиянды не зиянсыз екендігі жөнінде әлі де жаңсақ пікірлер басым. Бұл сәнді шылымның түріне жасалатын жарнамалар оның зиянсыз екендігін айтады, ал ғалымдар басқа пікірде. Олардың есептеуінше кальянның зияны шылымныңкінен асып түспесе, кем түспейді.

Кальянның шылымшалары хош иісті түтін олардың денсаулығына зиян келтірмейтініне сенімді.

Кальянның темекіден ешқандай айырмашылығы жоқ. Сондай-ақ құрамында зиянды шайырлар мен никотин бар, айырмашылық тек кальянды темекі ылғалданған және хош иістіболып келеді. Темекі шегу және кальян түтінінің тыныс алу процестері әртүрлі. Темекі шегу кезінде темекі жоғары температураның әсерінен жанады, ал кальянда темекі жанбайды, ол баяу түлейді. Бірақ екеуінің әсері бірдей. Тек темекіде жылдам орын алса, кальянда бұл процесс баяу жүреді.

Егер де темекі шегетін адамның денсаулығына никотин өте қатты зиянын тигізсе, кальян шеккен адамға оның түтіні зиянын беретін көрінеді. Бұған дейін атап өткендей, кальян мен темекі құрамы бірдей. Онда, әрине, шайыр, бензол, формальдегид және басқа да уландырғыш компоненттер аз. Бірақ бұл кальян темекісі қауіпсіз дегенді білдірмейді.  

Мамандар кальянның бір сағат ішінде адам қалыпты уақытқа қарағанда, зиянды түтінді 100-200 есе көп тұтынатынын анықтады. 

Дежавю әсері не үшін орын алады?
Өсетін тастар жайлы білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу