Дежавю әсері не үшін орын алады?

Oinet.kz 27-08-2019 1085

Дежавю (француз тілінде déjà vu – «осы уақытқа дейін көрген» деген мағына береді) – болып жатқан жағдай бұрын орын алып, көргендей, қай кезде не болатынын, келер сәтте қандай жағдай орын алатынын білетіндей күйдегі адамдағы ерекше құбылыс. Статистикаға сәйкес, мұндай жағдай 90% астам адамда болады екен. Дежавю әсерінің себебін ғалымдар осы уақытқа дейін таба алмай келеді. Ал неврологтар бұл құбылысты ми жұмысының бұзылуынан деп түсіндіреді. Олардың теориясына сәйкес, адам ми бөліктерінің бірі – ақпараттың сақталуына жауап беретін гиппокамптың жұмысының бұзылуынан дежавю әсері пайда болады екен. Егер гиппокамптың жұмысы іркілетін болса, адам болмаған жағдайдың өзін болғандай қабылдай бастайды. Оның бірден бір себебі стресс, ойды шаршату, миға ауырлық түсіру, тіпті магнитті толқындар да болуы мүмкін.

Ал психологтар бұған басқаша түсінік береді. Олар дежавюді түс әлемімен байланыстырады. Зигмунд Фрейдтің ойынша, түс көру кезінде адам шынайы өмірдегі оқиғалардың төңірегіндегі бірнеше мыңдаған ситуацияларды миында бейнелейді екен. Сонымен қатар Фрейд «бұрын болған» жағдайдың әсерін адамның жасырын қиялындағы естеліктер деп мәлімдеген.

Эзотериктер дежавю әсерін реинкарнация теориясымен түсіндіреді. Олардың нұсқалары бойынша, әрбір адамның жаны осы уақытқа дейін сансыз тәнде өмір сүрген және дежавю әсері бұрын өткен өмірлерінің бірінде болған оқиғадан хабар береді.

Олаңқайлар ақылдырақ па солаңқайлар ма?
Кальянның зияны туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу